АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Орталық әскери округтің барлау бөлімшесінің сарбаздары арнайы операция аймағындағы оқу-жаттығу полигондарының бірінде камикадзе-дрондарды пайдалану ерекшеліктерін зерттеді, деп хабарлады РИА Новости Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Орталық әскери округтің барлау бөлімшесінің әскери қызметшілері арнайы әскери операцияның тыл аймақтарының бірінде арнайы оқу-жаттығу кезінде шабуылдаушы дрондарды қолдану тәртібі мен ерекшеліктерін зерттеді", - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі.
Ведомствода нақтылағандай, әртүрлі оқ-дәрілері бар шабуылдаушы пилотсыз ұшу аппаратын қолданумен қатар әскери қызметкерлер әртүрлі басқару мүмкіндіктері мен жасырылған бекіністерді анықтау әдістерін де үйренеді.