АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші–қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Ауғанстан азаматтарының құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде.