АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Соңғы онжылдықта ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 14%-ға, мүгедек балалар саны 49%-ға, ал халықтың жалпы саны 15% - ға өсті, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Министр Қазақстанда 719 мыңға жуық мүгедек адам тұратынын атап өтті.
"Мүгедек адамдардың үлесі халық санының өсуінен баяу, ал балалар арасында бұл сан керісінше үш есе жылдам өcіп жатыр. Сондықтан балалар мүгедектігін алдын алу бойынша шараларды күшейтуді қажет", – деді Светлана Жақыпова.
Оның айтуынша, ересектер арасында қан айналымы жүйесі аурулары мен онкологиялық аурулар саны өсіп жатыр. Балалар арасында бірінші орынды туа біткен ақаулар алады, бұл оларға ерте жаста сапалы медициналық көмек көрсету қажеттілігін көрсетеді.
"Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі небәрі 27,8%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш олардың толық еңбек интеграциясына кедергілердің бар екендігін, жұмысқа орналастырудың және кәсіби іске асырудың жаңа тетіктерін енгізудің маңыздылығын көрсетеді", – деді Жақыпова.
Еңбек министрі мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік білімге тарту екі есе төмен екенін атап өтті.
Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдардың табысының негізгі көзі мемлекет кепілдік берген әлеуметтік төлемдер екенін еске салды.
"2022 жылы республикалық бюджеттен мүгедек жандарды әлеуметтік қамтамасыз етуге 481,5 млрд теңге бағытталды, биыл 569 млрд теңге қарастырылды", – деді ол.