АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді қосымша құн салығынан босату мәселесін қарауы керек, деді сенатор Зәкіржан Күзиев үкімет отырысында.
"Дәл осы ҚҚС салдарынан өңдеу және сауда кәсіпорындарына жіберілетін ауыл шаруашылығы өнімдері айналымының 75%-ға жуығы заңсыз, көлеңкелі экономикадан өтеді. Сондықтан үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын тез арада әзірлеп, іске асыруға кірісуі керек деп есептейміз", - деп келтірді "АПК Новости" ақпарат агенттігі хабарлады Күзиевтің сөзін.
Ал қазақстандық өңдеушілер ресейлік агроөнеркәсіп саласының бәсекелестігінен қорқады. Олардың айтуынша, Ресейде дайын өнімге баж салығы салынбайды.
"Бидайға баж салығы бар, оларда дайын өнімді экспорттауға ешқандай шектеулер жоқ, керісінше, олар тіпті сүт өнімдерін субсидиялайды. Олардың дайын өнімдері біздің нарыққа келуді жалғастырып жатыр. Бұл қайта өңдеуші кәсіпорындар ресейліктермен бәсекеге төтеп бере алмай тоқтап қалуына әкеледі", - деді Шығыс Қазақстан облысындағы ұн тарту кәсіпорнының басшысы Алмаз Дабылбаев.
Сонымен қатар, ол ұн маржиналдығы төмен өнім болғандықтан, Ресейде оның өндірісі біршама дамымағанын айтты. Сол себепті әзірге қазақстандық ұн тартушылардың төтеп беріп отырғанын алға тартты.