АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан әйелдер құрамасы Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшылар келесідей нәтиже көрсетті:
Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәреге жетті. Команда Қазақстан рекордын орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;
София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;
800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.
Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.