АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Украинаның Днепропетровск облысында жарылыс салдарынан электр энергиясын тарату желілері, газ құбыры және коммуналдық кәсіпорын ғимараты зақымданды. Бұл туралы жергілікті облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Сергей Лысак Telegram-арнасында хабарлады, деп жазды РИА Новости.
Лысак жазғандай, Никопольск ауданына жасалған шабуылдың салдарынан "коммуналдық кәсіпорын, электр энергиясын тарату желісі және газ құбыры зақымдалған".
Жұма күні таңертең бүкіл Украинада әуе шабуылы туралы дабылды ескерту жарияланды. Бұл дабыл әлі де қосулы тұр.