АЛМАТЫ, 29 қыркүйек - Sputnik. Алматы жер қатынастары басқармасының экс-басшысы "пара алды" деген күдікке қалды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деген күдікке қалды.
"Шенеуніктің әрекеті салдарынан мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.