Әлем

Ташкентте қоймада жойқын жарылыс болды

Sputnik
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ташкенттегі қоймалардың бірінде болған жойқын жарылыс пен өрт ұшақ апаты салдарынан болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін елдің төтенше жағдайлар министрлігі 28 қыркүйекке қараған түні жергілікті уақытпен сағат 2:43-те Ташкенттің Сіргелі ауданы "Құрылысшылар" алқабы ауданында орналасқан қоймалардың бірінде жойқын жарылыс болғанын хабарлады. Жарылыстан кейін қоймада өрт шыққан.
Ведомствоның мәліметінше, тілсіз жауды сөндіруге 16 өрт сөндіру бригадасытартылған. Денсаулық сақтау министрілігі оқиғадан зардап шеккендер бар екенін мәлімдеді.
Кейбір әлеуметтік желілерде Сіргелі ауданындағы оқиға ұшақ апаты салдарынан болғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген елдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Жарлыс пен өрт Сіргелі ауданы "Құрылысшылар" филиалындағы "Inter Logistics" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі қоймада болған.
Жарылыстың себебі анықталған жоқ.