Қырғызстан мемлекеттік туын өзгерткелі жатыр

Парламентшілер тудағы сәулені толқынды емес, түзу етіп бейнелеуді ұсынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстан Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаттары Қырғызстан туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынды.
Заң жобасының бастамашылары – спикер Нұрлан Шакиев пен халық депутаты Ұлан Пірімов.
Олар "түңдік пен күн сәулесін визуалды қабылдауда қандай да бір дилемма бар" деп мәлімдеді.
Жоғарғы Кеңес депутаттары Қырғызстан туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынды
Парламенттегілердің айтуынша, қазіргі тудағы сурет күнбағыс гүліне немесе киіз үйдің қыртысына ұқсайды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Сондықтан парламентшілер сәулені толқынды емес, түзу етіп бейнелеуді ұсынды.