АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Қарағандыда электр станцияларының жұмысы қалпына келтірілді, барлық нысан электр қуатына қосылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
"Қарағанды-Энергоцентр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖЭО-3-тегі 220 кВ ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 пен Топар ГРЭС-ті байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерация толық төмендеген. Өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының өнеркәсіптік тұтынушылары үшін шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Бұған дейін Қарағанды жылу орталығында ірі апат болып, қала жарықсыз қалғаны хабарланған болатын. ЖЭО-3-те технологиялық ақау анықталып, салдарынан 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілген.