Дархан Қыдырәлі сенаттың тұрақты комитетіне сайланды

Sputnik
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Бүгін жаңадан тағайындалған сенатор Дархан Қыдырәлі тұрақты комитетке сайланды, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңадан тағайындалған сенатор алдымен ант берді. Одан кейін халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып сайланды. Ал осы комитеттің төрағасы қызметіне депутат Андрей Лукин сайланды.
Айта кетері, бұған дейін сенатор Асқар Шәкіров қызметінен босатылған болатын. Ал экс-министр Дархан Қыдырәлі жоғары палатаның депутаты болып тағайындалды.