️Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен полиция қызметкерлері ұсталды

Ол пара алды деген күдікке ілінген
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қыркүйек - Sputnik. Әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.

"Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлерін парамен ұстады", - деді ведомство.

Антикордың мәліметінше, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Алматы тұрғыны полицейге пара ұсынғаны үшін 2,5 жылға сотталды