Жыл басынан бері ұрлық 28 пайызға азайды

Автокөлік ұрлығы 14,3%-ға, пәтер ұрлығығы 18%-ға, мал ұрлығы 17,7%-ға, ұялы телефон ұрлығы 11,3%-ға төмендеді
Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2023 жылдың 8 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұрлық 28,2%-ға төмендеді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Былтыр қаңтар-тамыз аралығында 42 752 қылмыс тіркелсе, биыл 8 айда 30 173 іс қаралды.
Ең көп ұрлық жасалған өңірлер:
Алматы қаласы – 7154,
Астана қаласы – 3541,
Алматыоблысы – 2197,
Қарағанды облысы – 2114,
Қостанай облысы – 1519,
Ақтөбе облысы – 1413,
Шымкент қаласы – 1447.
7967 ұялы телефон ұрлығы тіркелген, аталған қылмыстық құқықбұзушылық 11,3%-ға төмендеді.
Автокөлік ұрлығы да азайды, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.
Пәтер ұрлығы 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеді.
Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 17,7%-ға төмендеді.
Қоғам
Мал ұрлығы үшін жаза күшейтіледі – Бас прокуратура