АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Иракта үйлену тойы кезінде өрт шығып, 450 адам зардап шекті деп хабарлайды РИА Новости Красный полумесяц порталына сілтеме жасап.
Ирактағы үйлену тойында өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты.
"Мосулдың шығысындағы Хамдания округінде үйлену залында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты", - деп жазылған басылымда.
Бұған дейін Al Arabiya порталы 120 адамның қайтыс болғанын жазған.
Алдын ала мәлімет бойынша меймандар жабық той залында отшашу қолданған. Кейбір БАҚ-тың айтуынша, мейрамхана арзан құрылыс материалдарынан жасалғандықтан, өрт тез тұтанған.