Қазақстанға ауыз су тапшылығы қаупі төніп тұр – экологтар

Өзен бассейндерінің жартысында су тартылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның сегіз өзен бассейнінің төртеуінде су проблемасы шиеленісіп тұр, деп хабарлайды Energyprom экология және табиғи ресурстар министрлігінің зерттеуіне сілтеме жасап.
Бұл – Нұра-Сарысу, Арал-Сырдария, Шу-Талас және Орал-Каспий бассейндерінің өзендері.
"Антропогендік ластанудың салдарынан өзендер, су қоймалары мен көлдер тозған. Салдарынан су түбінде ластаушы және улы заттар жиналып қалады"- делінген зерттеуде.
Нәтижесінде ауыз су көздерінің сапасы нашарлап, көлемі азайып барады.
"Алдын ала болжам бойынша, алдағы алты жылда қазақстандық су бассейндерінде өзен ағыны азаяды", - делінген хабарламада.
Мысалы, қазір оның жиынтық нақты көлемі 102,3 км/кубты құрайды. 2029 жылға қарай көрсеткіш 2,9%-ке дейін төмендейді. Бұл көрші елдердің аумақтарынан су ағынын азайту салдарынан болады.
Қазақстандық өзен бассейндерінің жағдайын жақсарту үшін министрліктің сарапшылары біршама капиталды қажет ететін жобаларды ұсынады. Ол – Бурабай және Шортанды көлдерін, Ертіс, Қиғаш, Нұра, Тобыл өзендерінің арналарын тазарту, Сырдария атырауын қалпына келтіру.
Инфографика
Қазақстандағы су тапшылығы: не білу керек