Қазақстан израилдік агротехнологиялар мен су ресурстарын басқару әдістерін зерттейді

Израиль тарапы бұл мәселеге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек - Sputnik.Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен "Израиль-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару бойынша израилдік тәжірибені қолдану перспективаларын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында суару тиімділігін арттыру, суды үнемдеу, тамшылатып суарудың заманауи технологияларын енгізу, аграрлық ғылымды дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығында, сүт өндіруде және құс шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану мәселелері жан-жақты талқыланды.
Әлихан Смайылов Қазақстан серіктестікті кеңейтуге және Израилмен көпқырлы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен мән беретінін баса айтты. Атап айтқанда, ол елдің ауыл шаруашылығы саласындағы үздік жетістіктері қызығушылық тудыруда.
"Біз израилдік технологияларды зерттеуге және оларды агроөнеркәсіп кешенін дамытуға серпін беру үшін тартуға дайынбыз. Суару және су үнемдеу мәселелері де өте өзекті. Біз мемлекеттің осы салаға бағыттап отырған қаражатының тиімділігін арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізгіміз келеді", — деді Смайылов.
Өз кезегінде Михаэль Роэ Қазақстанның ішкі нарық қажеттіліктерін толығымен өтеуге әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.
Ол ауыл шаруашылығы саласында израилдік агротехнологиялар мен су ресурстарын басқару әдістерін қолдануға кешенді қолдау көрсетуді ұсынды.
Астық импортын шектеу: тыйым кімдерге әсер етпейді