АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақ-қытай шекарасындағы өткізу пунктері бірнеше күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
"Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде адамдарды, көліктер мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - делінген хабарламада.
Бірақ қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Комитет тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден демалыс күндерін ескеріп, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұрады.