АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ведомствоның айтуынша, күдікті 27 қыркүйекте ұсталған.
"Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікке ілінді. Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын. Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - деп мәлімдеді ведомство.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.