АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы алтынын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Стенд атудан әйелдер құрамасы бірінші болды. Олар 344 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын орнатты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы 2 күміс, 7 қола жеңіп алған болатын. Спортшылардың алғашқы легі елге оралды. 50-ден астам спортшыны жанкүйерлер, туыстары мен достары әуежайдан қарсы алды.