Алматыдан 420 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 км қашықтықта Қытай аумағында болған
Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 27 қыркүйек күні Алматы уақыты бойынша сағат 19:11-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 км қашықтықта Қытай Халық Республикасының Іле-Қазақ автономды округінің аумағында болған
Зілзаланың энергетикалық класы 9.6.
Магнитудасы 4.5. MPV.
Тереңдігі 5 км.
Сезілуі туралы ақпарат жоқ.
Алматы маңында жер сілкінді