Жетісу облысында жұмыс берушілер өндірістік жарақат алу фактілерін жасырған

Жетісу облысында кейбір жұмыс берушілер өтемақы төлемеу үшін өндірістік жарақат алу фактілерін жасырған
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 26 қыркүйек - Sputnik. Жетісу облысында түрлі өндірістерде адамдардың жарақат алу жағдайларын қасақана жасыру және олар бойынша ақшалай өтемақы төлемеу фактісі анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Прокурорлар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заң бұзушылық фактілерін анықтады. Қадағалау ведомствосының мәліметінше, жұмыс берушілер мен медициналық мекемелер 39 өндірістік жарақат алу фактілерін жасырған.
"Көрсетілген деректер негізінде жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау бойынша тиісті тергеу жүргізілмеген. Демек, зардап шеккендер тиісті өтемақыдан айырылған", - деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медициналық мекемелердің 5 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. Сондай-ақ жұмыс берушілердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады.
Өңірлер
Батыс Қазақстанда 13 адам жұмыс орнында жарақат алды