Қазақстан арқылы шетелдіктерді Еуропаға заңсыз өткізумен айналысқан топ ұсталды

Тінту барысында қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ бірқатар елдің өткізу пункттерінің күні көрсетілген мөр таңбалары анықталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қыркүйек - Sputnik. Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды және пара берді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы мен шетелдікті ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Тергеу болжамы бойынша, олар заңсыз мигранттарды Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне өткізуді жоспарлаған.
Тінту барысында қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ бірқатар елдің өткізу пункттерінің күні көрсетілген мөр таңбалары анықталды.
Материалдар Қылмыстық кодекстің 367 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.