АЛМАТЫ, қыркүйек – Sputnik. Оқушының құлап кетуіне байланысы барлық мектептің баспалдағына рейд жүргізіледі. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева айтты.
Балалар омбудсмені Динара Закиева білім мекемелеріндегі баспалдақтар тексерілетін айтты.
"Мен ауруханаға бардым, баламен сөйлестім. Көңіл-күйі жақсы. Оқушы оқиғаның қалай болғанын айтты. Айтуынша, досымен бірге сабаққа асығып бара жатып, досы оны байқаусызда итеріп жіберген. Мен оның анасымен сөйлестім", - деді балалар омбудсмені.
Балалар омбудсменінің айтуынша, оқушының ата-анасы әлеуметтік желілерде олардың отбасы мен баласын талқылап жатқанына наразы. Олар мектепке жазған шағымын қайтарып алған. Алайда Динара Закиева бұл жағдайды қылмыстық немқұрайлылық деп санайды.
Ол мектептерде рейдтер болатынын айтты.