Спорт

Әлімжанов семсерлесуден Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды

Ол жартылай финалда Жапония өкілі Коки Канодан жеңіліп қалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльмир Әлімжанов семсерлесуден 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитеті.
Әлімжанов Ханчжоуда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Бұл жетістігі оның қанжығасына қола медальді байлады.
Отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Коки Канодан жеңіліп қалды.
Қазақстан қоржынында қазір тоғыз медаль бар екенін айта кетейік. Бұған дейін дзюдошы Абиба Әбужақынова мен оқ атудан команда мүшелері екінші орын иеленді.
Дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан, Эсмигүл Куюлова, мерген Никита Чирюкин, пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола медаль алды.