АЛМАТЫ, 26 қыркүйек – Sputnik. Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" және ҚК 361-бабы "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.