Орталық Азия елдері су ресурстарының тапшылығына қатты алаңдаулы. Мәселе шешілмесе құрғақшылық пен су тасқынынан халық зардап шегіп, дәнді-дақылдардың өнімділігі төмендейді.
2040 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
"Біздің еліміз трансшекаралық су көздерінің ресурстарына тәуелді. Еуразия өзендері мен каналдары - мемлекеттер мен экономикаларды біріктіруге арналған ортақ табиғи игілік", - деді ол.
Сондықтан су саясатын дұрыс жүргізу, трансшекаралық су пайдалану мәселелерін шешу - үкіметтің маңызды міндеттері.
Қазақстандағы су тапшылығы туралы нені білу маңызды, инфографикадан қараңыз.