АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Іле Алатауында 16 жастағы екі жасөспірім адасып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
23 қыркүйекте Іле Алатауы тауларында Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Құмбел бағытымен келе жатқан екі жасөспірім жоғалып кеткен. Жедел құтқару тобы дереу оларды іздеуге шықты.
"Жасөспірімдер Құмбел шыңы аймағында таудағы үйдің бірін паналаған. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, таудан түсірді", - делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарушылардың арқасында жасөспірімдер үйлеріне аман оралды.