АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС.
Жер сілкінісі 24 қыркүйекке қараған түні сағат 01:15 те 357 шақырым қашықтықта болған.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7, магнитудасы - 4.2. Жер бетінен 15 км тереңдікте болды", - дейді мамандар.
Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын 22 қыркүйекте түнгі сағат 02:21-де жер сілкінісі тіркелді. Ол кездегі жер дүмпуі 200 км тереңдікте болған.