Дерекқор

2023-2024 оқу жылы: қысқы каникул қашан басталады

Биыл қысқы каникул бір күнге созылып отыр. Мектеп оқушылары 10 күн бойы демалады.
Sputnik
Қысқы каникулдың уақыты:
- 29 желтоқсаннан бастап 7 қарашаға дейін.
Биыл 29 желтоқан жұмаға түсіп тұр. Ал 2024 жылғы 7 қаңтар – жексенбі. Осылайша, дүйсенбі, 8 қаңтарда оқушылар қайтадан сабаққа барады. Оқу жылының үшінші тоқсаны басталады.

Қосымша 7 күн беріледі

Жазға дейін көктемгі каникул бар. Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, көктемгі каникул 11 күнге (21-31 наурыз) созылады.
Бұдан бөлек, бірінші сынып оқушыларына қосымша бір апталық демалық беріледі. Мерзімі – 5-11 ақпан (барлығы 7 күн).
Оқу жылы 25 мамырға дейін жалғасады.
2022-2023 оқу жылында қысқы және көктемгі каникулға 9 күннен ғана берілді. Жазғы демалыстың мерзімі де қысқа болған. Барлығы – 92 күн. Себебі оқу жылы 1 маусымға дейін ұзартылған еді.

Емтихандар қай кезде өтеді

9 - (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар 2024 жылы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді;
11 - (12) сынып оқушылары емтиханды 2024 жылы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында тапсырады.
Инфографика
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі