АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар үшін Түркияда кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдететін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы келісім 2022 жылғы 10 мамырда Анкарада қабылданды.