АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Қазақстандағы "ЭксонМобил" басқарушы директоры Сесиль Ролин Каспийдегі Каспий құбыр консорциумының жұмысы мен Теңізде мұнай өндіру жайын талқылады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
"Тараптар Теңіз, Солтүстік Каспий жобаларының іске асырылу барысын және Каспий құбыр консорциумын пайдалану мәселелерін қарастырды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Сонымен қатар квазимемлекеттік холдинг басшысы трансұлттық корпорация өкілімен "QazaqGaz ҰК" АҚ-мен бірлесіп газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, деп толықтырды қор.
Сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК"АҚ-мен бірлесіп газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
"ЭксонМобил – біздің көптен бергі сенімді серіктесіміз, еліміздің мұнай-газ саласындағы ірі инвесторлардың бірі. "Самұрық-Қазына" қоры "Эксонмобилдің" қосқан үлесін жоғары бағалайды және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға кіріседі", - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
"ЭксонМобил" - энергетика және мұнай-химия өнеркәсібі секторында көшбасшы орын алатын ірі халықаралық мұнай-газ компаниясы. Компания өз қызметін Қазақстанда 1993 жылы бастады, республикадағы мұнай жобаларына алғашқы ірі инвесторлардың бірі болды.