Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары Таразда кездесті

Тараптар мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды
Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Таразда Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері басшылары екі елдің үкіметаралық кеңесінің отырысы на қатысып жатыр, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Келіссөздер барысында тараптар суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның I Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.
Қазақстанның су мәселесіне қатысты талабы жоқ – Қырғызстанның су ресурстары қызметі