Петропавлда нәрестесін терезеден лақтырмақ болған әкеге үкім шықты

Сот өз баласын өлтіруге әрекеттенген ер адамды 120 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды
Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 23 қыркүйек – Sputnik. Петропавл қалалық соты бесінші қабаттың терезесінен жаңа туған қызын лақтырмақ болған әкеге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
23 жастағы ер адам 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы "Қорқыту" бойынша сотқа тартылды.
Сотталушы мас күйінде жаңа туған нәрестені бесінші қабаттың терезесінен лақтырамын деп "азаматтық некедегі" әйелін қорқытқан. Оқиға өзара жанжалдан туған.
"Прокурор айыптауды қолдап, сотталушыға 120 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады, істеген ісіне өкініш білдірді. Оның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді", - деп хабарлады сот.
Қылмыстық Кодекстің 115-бабы бойынша айыпталушы 120 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. Осы бапқа қатысты жаза түрлеріне 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Бұл құқық бұзушылық қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады.
Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдай сотталушы шын жүректен өкінетінін мойындады. Ал қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай - алкогольдік мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны.
"Қылмыстық кодекстің 467-бабына сәйкес қамауға алу түріндегі жаза 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. Осыған байланысты сот сотталушыға 115-баптың санкциясының ең жоғары шегінде жаза тағайындады, ол қоғамдық жұмыстарға 120 сағат мерзімге тарту", - деп атап өтті сотта.
Бұдан басқа, жәбірленушіге бес айлық есептік көрсеткіш (17 250 теңге) мөлшерінде мәжбүрлеп төлем өндірілді.