АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Үлкен Лотус стадионында ХІХ Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан құрамасы Ханчжоудағы Азия ойындарының ашылу салтанатында
© AFP 2024 / ISHARA S.KODIKARA
Еліміздің көк байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов және жеңіл атлет Надежда Дубовицкая ұстап шықты.
"Біздің команданың алдында жанкүйерлердің үмітін ақтап, өткен Азия ойындарының нәтижелерінен асып түсу міндеті тұр", - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Қытайға Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы келді. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Қазақстан атанынан спорттың 30 түрінен 525 спортшы қатысады.