Үкіметте ЕАЭО-ның стратегиялық бағыттары талқыланды

Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөздер барысы қаралды
Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Үкіметте ЕАЭО-ның сауда-саттық саласындағы өзекті мәселелері мен интеграцияның стратегиялық бағыттары талқыланды.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ЕЭК-тің сауда жөніндегі алқа мүшесі – министр Андрей Слепневпен кездесті.
"Кездесу барысында тараптар ЕАЭО-ның сауда-саттық саласындағы бірқатар маңызды мәселесін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жекелеген тармақтарын жан-жақты талқылады", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөздер барысы, Еуразиялық одақ елдерінің периметрі бойынша электронды сауданы дамыту мәселелері мен басқа да сұрақтар қаралды.
ЕАЭО елдеріндегі өзара инвестициялар көлемі 64,3%-ке өсті