Шымкентте дәрігерлерге науқас күш көрсетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қыркүйек - Sputnik. Шымкентте жедел жәрдеммен жеткізілген науқас мейірбикені ұрмақ болған, деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ауруханада болған келеңсіз жағдай әлеуемттік желіге тараған.
"Оқиға 20 қыркүйек сағат 19:50-де гипербариялық оксигенация орталығында болған. 1995 жылғы азамат жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Психикасы бұзылып тұрған науқасты тыныштандыру үшін дәрігерлер ем-шара жүргізбек болған.
"Науқасты дәрігерлер тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты тыныштандыру үшін ем-шараларын жүргізбек болып жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда науқас көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен. Орын алған жағдайғ байланысты 102-қызметіне хабар берілді", - дейді ведомство.
Абырой болғанда ақ халаттылар ауыр жарақат алмаған.