Шымкентте дәрігерлерді ұрған науқас жауапқа тартылады

1995 жылы туған жігіт көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. ️Шымкентте ақ халаттыларды ұрған науқас ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Шымкент қалалық полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына қаладағы медициналық мекемелердің бірінен шақырту түсті. Оқиға орнына барған полицейлер мекемеге жедел жәрдеммен жеткізілген науқас алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқан кезде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағанын анықтады. Құқық бұзушы ұсталды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Полицейлердің айтуынша, сараптама жасалып жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті шара қабылданады.
Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде науқас дәрігерлермен жанжалдасып, оларға жұдырық ала жүгірген.