Өңірлер

Петропавл ЖЭО-да екі қазандық пен бес турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды

Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Энергетика министрлігі "Севказэнерго" АҚ Петропавл Жылу электр орталығының алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы хабарлады.
Ведомство ақпаратынша, №3 және 11 қазандықтарды, сондай-ақ № 2, 4, 5, 6, 7 турбиналарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір №9 қазандықты жөндеу аяқталды, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
№ 10 қазандықты жөндеу биыл 21 қазанда аяқталады деп жоспарлануда. №3 турбинаны жөндеу 30 қыркүйекте аяқталуға тиіс.
Сондай-ақ №1түтін құбырының ақаулы учаскесін бөлшектеу жұмыстары жалғасуда. Аяқталу мерзімі – 1 қазанға дейін.
"ЖЭО жылыту кезеңіне 9 бу қазандығымен, сондай-ақ 7 турбинамен кіреді деп жоспарлануда. Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті ЖЭО-ның алдағы жылу беру маусымына дайын болуын тұрақты негізде бақылайды", - делінген хабарламада.
Қоғам
Еліміздің солтүстігі мен шығысында жылу мерзімінен ерте берілуі мүмкін