Өңірлер

Айыппұлы 6,5 млн теңгеден асып кеткен: түркістандық жүргізуші көліксіз қалды

Айыппұлдардың 80 пайызы жылдамдықты асырумен байланысты болған
Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері 6,6 млн теңге төленбеген айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полицейлердің планшетіне "Қорғау – қауіпті жүргізуші" мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлы бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілген.
Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, көліктің жүрген жерін анықтап, жүргізушіні "Шымкент – Самара" тас жолында тоқтатты.
"Тексеріс кезінде автокөлік иесінің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты", - делінген хабарламада.
Полицейлер автокөлікті айып тұрағына қойды. Ал жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Елорда тынысы
Астанада салық төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тәркіленіп жатыр