Оқиға

Астанада сәбиді өлтірген бала күтуші мен оның сүйіктісіне сот үкімі шықты

Жантүршігерлік оқиға былтыр болған
Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Астанада сәбиді өлтірген бала күтуші мен оның сүйіктісі 17 және 23 жылға сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Оқиға былтыр болған. Бала күтуші әйел мен бірге тұратын сүйіктісі сәбиді ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен. Салдарынан бала көз жұмды.
"Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел тергеу тобы құрылды. Іс жедел әрі объективті тергелді. Сотта мемлекеттік айыптаушы аталған адамдардың кінәсін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеді. Олар 17 және 23 жылға сотталды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Алматы облысында 2 жасар бала қайтыс болды – күтуші әйел қамауға алынады