Қазақстанда депутат болғысы келген бұрынғы жемқор конституциялық сотқа жүгінді

Алайда оған мәслихат депутаты ретінде тіркелуге рұқсат етілмеді
Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Түркістан қалалық маслихатының депутаттығына өз кандидатурасын ұсынған азамат К.Жандарбеков сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адам сайлана алмайды деген тармақты Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өтінішпен Конституциялық сотқа жүгінді.
Айта кетейік, бұл талап "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның 4-бабы 4-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген.
"Даулы норма заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәсін мойындаған адамға сот сайлану құқығына мерзімсіз шектеу қояды", - делінген конституциялық сот хабарламасында.
Сайлау комиссиялары бұрын сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапқа тартылған Жандарбековті депутаттыққа кандидат ретінде тіркеген жоқ.
Барлық сот сатыларының шешімдерімен Жандарбековке Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы 4-тармағының 2 тармақшасына сәйкес қабылданған шешімдерді даулау туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды, деп толықтырды сот.