АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Әбілқайыр Сқақов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
"Әбілқайыр Бақтыбайұлының мемлекеттік қызметте 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 18 жылын бірінші басшы ретінде қызмет атқарған. Қаржы министрлігінің жүйесінде 19 жыл жұмыс істеді. Соның ішінде Салық комитеті төрағасының орынбасары және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды", - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. "Экономист және қаржыгер" (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті), "Заңгер" (Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты) және "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" (М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
Әбілқайыр Сқақов 1995 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар және Қостанай облыстарының салық органдарында жұмыс істеді. 2006–2008 жылдар аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2012-2016 жылдары Қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. 2016-2019 жылдар аралығында Әбілқайыр Сқақов Қорғаныс министрінің орынбасары ретінде қаржы және экономика мәселелерін басқарды, одан кейін Қаржы мониторингі комитетінің төрағасықызметіне тағайындалды. 2020-2022 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.
"Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған және "Құрмет" орденінің иегері.