Қоғам

Бас прокуратура 1 млрд теңге жымқырған қазақстандықты Түркиядан экстрадициялады

Күдікті тоғыз жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген
Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Бас прокуратура ішкі істер министрлігімен бірлесіп, сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркиядан қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.
"Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық ақшаны жымқырған. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды, соның ішінде аурухана салуға арналған", - деп мәлімдеді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Қазақстандық осы қылмысы үшін мүлкі тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Оператор РОП-тың" бұрынғы басшысы экстрадицияланды