АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Индонезияның Қазақстандағы елшісі доктор Мохамад Фаджроэль Рахманмен кездесуінде Алматыдан Балиге тікелей рейстерді ашу туралы талқылады.
"Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және туристердің көптеп келуі үшін доктор Мохамад Фаджроэль Алматы – Бали бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды. Әрбір тараптың авиакомпаниялары елдер арасында 5 ретке дейін тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға құқылы", - делінген комитет хабарламасында.
Қазақстан авиакомпаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Джакарта және Денпасар (Бали), Индонезия авиакомпаниялары үшін – Астана және Алматы қаласы.