Смайылов бір ай бұрын берген тапсырмасын тексерді

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Үкіметте өткен арнайы кеңесте премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына барғанда берген тапсырмалары қалай орындалып жатқанын тексерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
10 тамызда үкімет басшысы осы облысқа жұмыс сапарымен барған. Бүгінде өңірде бірнеше маңызды жобалар қолға алынды.
Олар: ·
Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу; ·
"Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автожолын реконструкциялау, ·
"Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз" тасжолын жөндеу;
Бұдан бөлек, Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларын күрделі жөндеу қажет. 6 жаңа ірі су қоймасын салу жоспары бар. Сондай-ақ, "Бұхара – Орал" магистральдық газ құбырынан Ақтөбеге дейін 3-ші желіні салуды жалғастыру және 30 ауылдық елді мекенді газдандыру жұмыстары атқарылады.
Кеңесте Ақтөбе қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын салу, Ақтөбе облысының "Фельдшерлік рюкзак" жобасы бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге тарату, "Alaqan mektep" қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері де талқыланды.
Ақтөбе облысының әкімдігі газ тапшылығының себебін түсіндірді