Шымкентте әкімдіктің лауазымды тұлғасы тергеуге алынды

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында аудан әкімдігінің қызметкері бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын артық көрсеткен.
Осылайша, бюджеттің 700 млн теңгесін жымқырды. Әл-Фараби аудандық әкімдікте жұмыс істейтін лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді