Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай әншісі Мариуполь театрында "Катюшаны" орындады: видеоны 110 миллион адам көрді

Ән қазір қайта салынып жатқан Мариуполь театрының қабырғасында шырқалып, қоғамда қызу талқыланды
Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қытай әншісі Ван Фан қайта салынып жатқан Мариуполь театрының қабырғасында аты аңызға айналған "Катюша" әнін орындады.
Түрлі платформаларда оның орындауындағы әннің видеосын жалпы саны 110 миллионнан астам адам көрген.
Ван Фан Донбассқа "Россия сегодня" медиа тобының Украина.ру басылымы шақырған қытайлық блогерлер тобымен келді.
"Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен шеруде Қытай Халықтық азат ету армиясының жауынгерлері орындаған "Катюша" әні біздің еліміздегі фашизмге қарсы ең танымал әндердің ондығына енді және бүгінгі күнге дейін қытай халқын шабыттандырады", - деп ол өз таңдауын түсіндірді.
Бұл видео туралы Батыс баспасөзі, атап айтқанда, The Economist, The Telegraph және BBC, CNN, The New York post жазды.
Интернеттің украиналық сегментінде бейнеролик 500 мыңнан астам, ресейлік сегментте 6 миллион, Қытайда 100 миллионнан астам рет қаралған.
Украина Сыртқы істер министрлігі Қытай делегациясының барлық мүшелеріне елге кіруге тыйым салынатынын хабарлады.
Донецк Халық Республикасында Қытай делегациясы ДХР басшысының міндетін атқарушы Денис Пушилинмен кездесті. Қытай өкілдері Қырымда да болып, онда аймақ басшысы Сергей Аксеновпен кездесті.