Батыс Қазақстанда 175 тонна шөп өртенді

Шөп 700 бума болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинное кентінде 175 тонна қысқа дайындалған шөп жанып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 19 қыркүйекте болған. "Алижан" шаруа қожалығының қысқа қамдаған шөбі бір сәтте жаныпкеткен.
"Сағат 16:37-де 101 пультіне шаруа қожалығының қорасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шамамен 300 шаршы метр алаңда бөлек тұрған 175 тонна мая етіп үйілген пішен өртеніп жатқанын анықтады", - дейді ведомство.
Шөп 700 бума болған. Тілсіз жау түн ауа сағат 00:20-да толық өшірілген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, дейді өрт сөндірушілер.
Өртті сөндіруге 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.
20 газ баллоны шығарылды: Қонаевта көпқабатты үй өртенді