АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Атырау облысының Исатай ауданында бес жасар бала кәріз құдығына түсіп кеткен. Оны таба алмаған ата-анасы аудандық полиция бөліміне жүгінген.
Атырау облыстық полицей департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бес жасар бала кеше, 19 қыркүйекте жоғалып кеткен.
"Аққыстау ауылының тұрғыны жергілікті уақытпен сағат 17:48 шамасында аудандық полиция бөліміне жүгініп, 20 минут бұрын 5 жасар ұлының жоғалып кеткені туралы хабар берді. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сол кезде баланың дауысы тұрғын үй ауласындағы кәріз құдығынан шыққан. Кәріз құдығына түсіп кеткен 5 жасар аман-есен шығарылды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жергілікті дәрігерлер балақайға жан-жақты тексеру жүргізді.