Алматы мен Мумбай арасында қарашадан бастап әуе рейстері ашылады

Билеттің құны 30 мың теңгеден басталады
Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. FlyArystan әуекомпаниясы биыл қарашадан бастап Алматыдан Үндістанның Мумбай қаласына тұрақты әуе рейстерінің ашылатынын хабарлады.
Әуе рейстері аптасына екі рет ұшады.
"Flyarystan қазақстандық авиация тарихындағы Үндістанға осындай бағытты ұсынған алғашқы тасымалдаушы болады. Мумбай – кез келген қазақстандықтың арманы, өйткені мұнда саяхатшылар керегін таба алады. Қазақстандықтар үшін Үндістанға электрондық визаны рәсімдеудің жылдам, қарапайым және қолжетімді процесі қарастырылған", - деді Flyarystan маркетинг және сату жөніндегі директоры Мадина Бужинова.
30 000 теңгеден басталатын билеттерді компанияның қосымшасы арқылы және сайтынан алуға болады.